Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.11.2025
463
Өмір іздері
Әжім боп уақыт сызығы,
жүзімде қалды іздері.
Өтті ме өмір қызығы,
сарғайған гүлдей күздегі.
Өмірдің ол да іздері,
ағарған шаш та, бастағы.
Тағдырдың соғып, күз желі,
сезімді мұз қып тастады.
Кештім мен өмір саналы,
ешкімге айтар өкпем жоқ.
Болса да, көңіл жаралы,
күндерім босқа өткен жоқ.
Қарайлап артқа көз салып,
саралап өткен өмірді.
Атаның жолын ұстанып,
жұбаттым қаяу көңілді.
Ұшырып қиял кептерін,
шарладым біраз өңірді.
Еске алып өмір өткелін,
түзеттім қателерімді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇