Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.11.2025
73
Жұбату
Сырыңды білген,
Жүректі тілген,
Қандай жан болды, қарағым.
Өзің ақ шешкін,
Аямас ешкім,
Тайғанақ болса табаның.
Сабырлы төзім,
Сиқырлы сезім,
Керек деп саған санадым.
Қарама артқа,
Кетті деп жатқа,
Кездесер сенің адамың.
Қуан сен қайта.
Алдыңды байқа.
От басып жүрме тағы да.
Болмаса сенім,
Өледі сезім,
Жарасын салып жаныңа.
Көңілді көтер.
Жылама бекер.
Сорың ба? әлде бағың ба?.
Көтергін басты.
Көрсет пе жасты.
Арманың сенің алдың да.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇