Өлеңдер ✍️
Тәкәппар жанға
Ойлап жүрдім, бақытым деп, бір менің,
Суық ұрды сезімімнің, гүлдерін.
Қалай ғана, сатқындықтың пышағын,
Аямадың, ту сыртымнан сермедің.
Әлеуметтік желі болып ермегі,
Менсінбедің , жәй жандарды жердегі.
Опасыздық деген осы шығар ау,
Бағалайтын ақындарды төрдегі.
Сатқындыққа, көңіл құрғыр сенбеді.
Ұнтпатпадың жазғандарды мендегі.
Көрсе қызар сол бір жаның жүрегін,
Өзге ақының өлеңдері тербеді.
Менің іңкәр сезімімді көрмеді,
Құрғыр жүрек,алданғанға сенбеді.
Қарапайым шығар менің өлеңім,
Сол ақындық маған опа бермеді.
Жалғыз қалған, қасқалдақтай көлдегі,
Менің жаным, сол бір жанға шөлдеді.
Өзге ақының өлеңімен сусындап,
Мықтылардың өлеңі мен өрледі.
Ақынмын деп, жүрушедім өрдегі,
Сендік жүрек, маған ыңғай бермеді.
Бұл күндері мен өзімді сезінем.
Жел айдаған қаңбақтайын, шөлдегі.
Мен өзіңе, қатты айтқым келмеді,
Мендік сезім саған деген сөнбеді.
Соншалықты, мені төмен санайтын,
Махаббатым саған деген кембеді.
Бар сенгенім, құран болды мендегі,
Сол құранға, сендік жүрек сенбеді.
Уәде мен қол алысқан күндерді,
Серті бұзып, ұмытқаның жөнбеді.
Мені ұмытып, пір тұтың ау өзгені,
Менсінбедің, көрмейді деп көздері.
Жатқан шығар, жүрегіңді тербетіп,
Жас ақынның"Жаным" деген сөздері...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter