Өлеңдер ✍️

  18.11.2025
  127


Автор: Ерлан Ахмет

Зайсан - аңыз

Зайсанның бүгін өткені


Айналып кетті аңызға.


Сайханның бағзы бөктері


Тамылжып тұрар тамызда.


 


Биіктік көрем Сауырдан,


Көлеңке жақтың қалқасы.


Аман қап жүрмін дауылдан -


Айбатты таудың арқасы.


 


Жайлауы байтақ Маңырақ


Жазында жасын ойнаған.


Төрт түлік төлі маңырап,


Сақманшы тойын тойлаған.


 


Алыстап кеттім ауылдан,


Арманның іздеп ақ таңын.


Жасара берер жауыннан -


Жарықтық, жасыл бақтарым.


 


Өткізген ыстық шақтарым -


Көктемің, күзің, қысың да!


Туған жер, сенсің мақтаным -


Көгерер көздің ұшында!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу