Өлеңдер ✍️

  16.11.2025
  143


Автор: Сәрсенби Аян

Мен сені жоғалтып алғандаймын

Махаббатқа уланып күн кешемін,


Шығады ма іштегі түнде шерім.


Сырасынан сезімнің тартып тұрмын


Жағажайда боламын іздесе мұң.


 


Қате кештім, от бастым шалындымда,


Асау түнде қасыңнан табылдым ба?


Жүрегімді қолыңа салып берем


Кешші мені, сен мені таныдың ба?


 


Қапияда қара дақ салғанбаймын,


Сол ызғарға енді өзім тоңғандаймын.


Сүрініп асау сезім сынағынан


Мен сені жоғалтып алғандаймын.


(Қапияда)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу