Туындылар ✍️
Қарттарға әлеуметтік қызмет көрсетуде цифрлық технологияларды қолдану
Мақала авторы: Манай Гүлдана Жарқынқызы
Жетекшісі: Авсыдыкова Құралай Әділжанқызы
Қазіргі таңда цифрлық технологиялар әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін түбегейлі өзгертіп, қарт адамдардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік беруде. Телемедицина, онлайн-консультациялар және мобильді қосымшалар арқылы қарттар денсаулығын бақылап, жалғыздық сезімін азайта алады.https://farabi.university/.Қазақстанда да бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асуда. Мысалы, “Sağat” қосымшасы дәрі қабылдауды еске салып, денсаулықты бақылауға көмектессе, “Aleumet” платформасы әлеуметтік қызметтерге онлайн қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Зерттеу жұмысының мақсаты – қарттарға арналған әлеуметтік және медициналық қызметтерде цифрлық технологияларды қолдану тиімділігін талдау. Міндеттері – әлемдік тәжірибені қарастыру, Қазақстандағы қызмет түрлерін сипаттау, қарттардың қиындықтары мен қажеттіліктерін анықтау және қызмет сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу барысында сауалнама, сұхбат және құжаттарды талдау әдістері қолданылды. Нәтижесінде, көптеген қарт адамдардың смартфон мен интернетті пайдалана алатыны анықталды, бірақ жаңа қосымшаларды меңгеруде қиындықтарға жиі тап болатыны байқалды. Қарттардың цифрлық сауаттылығы – қазіргі қоғамда маңызды көрсеткіш. Ол мемлекеттік қызметтер мен ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетеді, әлеуметтік оқшаулануды азайтады. Алайда, Қазақстанда қарттар арасында цифрлық сауаттылық деңгейі әлі де төмен. Бұған білім мен тәжірибенің жетіспеуі, интернеттің әлсіздігі, құрылғылардың қымбаттығы және психологиялық тосқауылдар себеп болып отыр.Цифрлық сауаттылығы жоғары қарттар өз өміріне қанағаттанып, денсаулығын жақсы бақылайды, әлеуметтік белсенділік танытады. Сондықтан қарттарға арналған оқыту курстарын көбейту, қарапайым интерфейстер әзірлеу және техникалық қолдау көрсету маңызды. Осы мақсатта қарттарға арналған онлайн кеңес беру жүйесін дамыту ұсынылады. Бұл жүйе арқылы қарттар үйден шықпай-ақ дәрігерлерден, заңгерлерден, психологтардан кеңес ала алады. Мұндай қызмет уақыт пен қаражатты үнемдеп, шалғай аймақтарда тұратын адамдарға да қолжетімді мүмкіндік береді. Жоба қарттардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтуге және әлеуметтік теңсіздікті азайтуға бағытталған. Онлайн кеңес беру жүйесі – қоғамның осал тобына нақты көмек көрсетудің заманауи үлгісі. Қорыта айтқанда, қарттарға цифрлық технологиялар арқылы қызмет көрсету – әлеуметтік жұмыстың жаңа кезеңі. Бұл бастама қарттардың өмір сапасын арттырып қана қоймай, Қазақстандағы цифрлық даму бағытына да өз үлесін қосады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇