Өлеңдер ✍️
Шарасыз шылым
Шарасыз шылым
Берші қане бір дана шылымыңнан,
Бөлісейін ішімдегі жыллы мұңнан,
Бірге отырып үнемі сыр айтатын,
Осындайда жолдасымды қайдан табам?
Бөлінді ғой қаншама тас жүректер,
Шығарылмай кетті ғой қаншама мұң,
Айналаны ойламайтын жалғыз басты,
Бере алмай кетті ғой бір шылымын.
Шылым тартсам ашылып сыр айтамын,
Не құдыреті бар екен бұл сайтанның?
Білемін құдыретін, пәлекетін,
Шылым болса өлеңді жүз айтамын.
Түтінімен әлемді аластайтын,
Дейуанаға өзімді ұқсатамын,
Кесірін білемін, кесапатын,
Дәрігер де тоқтат деп көп айтатын.
Мен үшін тоқтат деп қиналмасын,
Мен үшін жан беріп жан алмасын.
Мені қинап тоқтатқысы келсе егер,
Тұмсығын бір ұрып қыйсайтамын.
Мұңға батып отырмын, мұңдана алмай,
Ауызға шылым салып тұтата алмай.
Неге екенін білмеймін – құмарлансам,
Шылымым зәмзәм болып құйылардай.
Мен де ел қатарлы қайғырамын,
Шылымсыз тек қайғыра алмай сарғайамын...
Шылым емес, осындайда дос керек қой,
Түтін емес, таза ауа өсері бой.
Мұңмен бөліс, сөзбен бөліс –
Адам үшін өмірі– ең асыл той.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇