Эсселер ✍️

  29.09.2025
  198


Менің болашақ мамандығым

Алғаш дүние есігін ашқан сәттен бастап-ақ әрбір адамның өз өмірі, өз шекарасы, өз ортасы, өзіндік ойы, өз таңдауы, яғни жалпы адамзатқа берілетін жеке құқығы,өмірлік дастаны, тағдыр жолы болады. Өмірімізде қандай да бір жетістікке жету үшін "мен" деп айта алатындай жеке тұлға болып қалыптасуымыз қажет. Өзгелерден ерекше,дара тұлға болудың өзі де, ең биік шыңды бағындырумен пара-пар.Осының бәрі бүгін мен келешекке шешім қабылдай білуден басталмақ."Мамандық таңдау — тек қана болашаққа үңілу емес ,ол өзінің ішкі жан дүниесіне үңілу" демекші, қазіргі кезде де , жалпы адам өмірінде де маңызды шешім қабылдап, дұрыс таңдау жасай білу керек кез бұл— мамандық таңдайтын сәт.Менің болашағым журналистикада екенін түсіндім. Бұл мамандық не үшін маған сай деп білемін?


 


Мен өмірге келгелі анам мен әкемнің шексіз мейірімін сезініп, әжемнің сырлы әңгімелерін естіп,бауырларымның қолдауын көріп өстім. Абай да, Шоқан да ,барша халық зиялылары әженің жайлы арқасына сүйеніп, қиял -ғажайып пен аңызға жетелейтін ертектерін тыңдап өспеп пе еді? Сірә,менде ақ жаулықты да, ардақты әжемнің ақылы мен сырлы әңгімелерін естіп өскендіктен бе,бәлкім, ұлы Абай мен ақиық ақын Мақатаевтың жырларымен сусындағандықтан ба,лирикаға толы, мағыналы сөздерге бай ана тіліміз бен аңызға айналған әдебиетімізге жасымнан жақын болдым. Менің қызығушылығым да, жан қалауым да әдебиетімізбен бір арнада тоғысқан журналист мамандығына түсті. Біріншіден, журналист болу ерінбей ізденіп, халыққа ақиқатқа толы ақпаратты моншақтай тізіп көркем жеткізу.Екіншіден ,халық пен билікті байланыстыру , жаңалықтың жаршысы болып елді жедел түрде ақпарат қамтамасыз ету.Үшіншіден ,ұлттық болмысымызға адал болып, әрдайым ақиқаттың ақ туын желбіреткен жанашыр тұлға болып қалыптасу үшін ерінбей ізденеді.Меніңше, журналистика нағыз тілмарлар мен көркем әдебиет өкілдерінің ортақ шаңырағы іспетті. "Журналистика дегеніміз халықтың қамын,мұңдының мұңын мұңдайтын шындық туы" деп Олжабай ағамыз айтқандай журналистика қастерлі де қадірлі мамандық екендігін ұғына отырып, осы жолды таңдадым. Әрине, қазіргі таңда, әрбір оқушы мамандық таңдау жолында оның сұранысқа ие екендігіне,көңіл жабырқатар дүние таңдаған саласының жалақысына қарайды. Менің айтарым, мамандықты жан қалауымен таңдау болашақта табысты, білікті маман болуына әкеледі. Себебі,жүрек қалауы әрқашан бәрін басқарады. Біз барлығымыз ата-ананың сенім артқан перзенті, еліміздің жарқын болашағының кепілі, өмірімізді гүлдендірушіміз. Мамандық —өмірлік азық , рухани, әрі материалдық серік .Менің өмірімдегі алғашқы ұтымды шешім де бір жола Қазмедианың тарихында алтын әріптермен жазылып қалатындай журналист болуға бекінген сәтім.Журналист болуға бала кезден шығармашыл тұлға болған дұрыс. Мен де осы жолда аянбай аз-аздан үздіксіз жұмыс істеп келе жатырмын. 1- сыныптан бастап кітап оқып, әңгіме жазуға дағдыландым. Түрлі байқауларда бақ сынап көбінде жұлдызым жанса, бірнешеуі жәй ғана тәжірибеге толы шығармашыл тұлға жолы болып болып есте қалды. Журналистикаға деген қызығушылығым алғаш мектепте өткен іс-шарада әжемнен сұхбат алып, сахнада сенімді сөйлеген кезден басталған. Өсе келе теледидардан Бейсен Құранбек ағаның жылы жүзі мен байыпты да ерекше сөз саптауын көріп , халықтың мұның мұңдайтын , дәл сол кісі секілді ұлттық болмысымызды ұмытпайтын,шындықты сүйер , берекелі іс үшін әрекет ететін журналист боламын деп өзіме уәде бергенмін.


 


Қорытындылай келе , журналистика білікті мамандардың келуімен көркейеді. Білікті , әрдайым ізденісте жүретін мамандар көбейсе танымдық және қызықты бағларламалар көбейер еді. Медиа саласына жазушылар мен әйгілі адамдардан сұхбатқа шақырып подкаст форматындағы бағдарламалар жүргізсе нұр үстіне нұр болар еді. «Журналистке керек қасиет – адамдармен тіл табыса білу. Журналист – адамдарға адамдар жайында әңгімелейтін мамандық иесі. Ақпарат ала алмай, ақпарат бере алмайсың.» деген болмысы ерекше Бейсен ағаның сөзі әрбір журналист болуға ұмтылған жастарға , журналистикаға қадам басқан жас мамандардың жүрегінде және санасында осы сөз бойтұмардай сақталса екен!



Сағадатова Айым Әбілқызы
Ақтөбе облысы Алға қаласы
Алға мектеп-гимназиясы
11-сынып оқушысы



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу