Өлеңдер ✍️

  22.09.2025
  938


Автор: Абатова Меңсара

Әйелдер!

Әйел шіркін бұл ғаламның келбеті,
Әйел деген - ол әлемнің шербеті.
Үй-ішінің бар жағдайын жасайтын,
Әйел деген - жолдасының келбеті.
Отбасының хәлін ойлап тұратын,
Баласы үшін асыл, дана болатын.
Ешкімге де білдіртпейтін жағдайын,
Іші жылап, сырты күліп тұратын.
Күйеуінің қас-қабағын қарайтын,
Баласының кем тесігін жамайтын.
Бар бақытты отбасымен көрем деп,
Үйіне тек жақсылықты қалайтын.
Әйел адам көркем, нәзік, әсем гүл,
Әйел адам шуақ шашар әсем нұр.
Сұлулық пен көркемдіктің символы,
Әйел адам еліктірер әсем үн.
Әйел үшін әсем жырлар аз болар,
Әйелдерсіз мына өмір күл болар.
Әйелдерді бар байлыққа теңейік,
Әйел ана, әйел қызың, әйел әсем жар болар!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу