Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.09.2025
812
Поэзия
Поэзия
Поэзия жазамын, ән де болса жазамын,
Бұл өнеріме куә болар Қазағым,
Көп ұзамай туындымның тұсауын,
Ала жіппен, қайшы алып қиямын!
Поэзияны ермек үшін жазбаймын,
Көңілімнің сырын шертіп қозғаймын,
Оным біреуге ғибрат бола алмаса,
Неменеге жүректегі сырларымды жырлаймын?
Бәлкім мен біртүрлі өлең жазсам,
Өзгеге қандай ғибрат бере алам(ын)?
Біреуге жақсы, енді біреуіне жамансың,
Өлең емес, бағалаушы біртүрлі!
Автор: Абдраманов Арсланбек ©
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇