Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.08.2025
410
Өмірім - жолым
Сансыз жолдар - сансыз жылдар таңбасы,
Тағдырлардың тоғысатын арнасы.
Тоғыз жолдың торабында жатады
Бүгін менен болашақтың жалғасы.
Жолда көрген ақ таңым,
Жолдан күткен ақ түнім -
Менің ғажап шақтарым,
Менің нағыз шаттығым.
Даңғыл жолда табиғатқа таңдандым,
Қалықтадым қанатында арманның.
Тар жол, тайғақ кешкен кезде аңғардым
Шырағын да, сынағын да жалғанның.
Толғанамын Айдың көріп толғанын,
Жүрген сайын қысқарады жолдарым.
Мен өмірге жолаушылап келген соң,
Тілеймін ғой жолдың ұзақ болғанын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇