10.08.2025
  445


Өмір ащы

Алматы қаласында жұмыс жасап жүріп бір қызды жолықтырдым.Басында бәрі тәтті болды бірақ уақыт өте келе ол қызбен жүріп қалай қарызға кіргенімді өзім байқамай қалдым. Банк,Микрозайм және т.б.


Жалақымның көп бөлігін отбасыма беретінмің сол себепті қарызды жабу үшін басқа жерден қарыз алып жүре бердім ең сонында ол қызбен арақатынас тоқтады! 1айдан кейін ол қыз басқаға тұрмысқа шыққанын естідім. Депрессия басталды,ішімдік басталды,қарыздар сол күйінше қалды. Бір күні Коллекторлар отбасыма шыға бастады. Үйдегілерге зияным келтіргім келмеді өтірік айттым, қарыздарымның кішкене бөлігін ғана айттым. Отбасым көмектесті басқа коллекторлар тағыда хабарласпаса екен деп қорқып жүрдім. Күнде уайым сонын кесірінен жұмысымда жүрмеді,өмірде жолым болмай шарасыз күйде қалдым. Банкке черный списокка түстім сол себепті таныстарымнан қарызға ақша алып бастадым. Оларды да қадап бастағанымды байқамай қалдым. Ақша түссе болды алкогольге салындым, абыройымды жоғалтып өтірікші адамға айналдым және өзімді өмірден жоғалтып алдым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу