Баталар ✍️
Баталар ✍️
07.08.2025
933
Балама арналған ақ батам
Баланың болашағына, тәрбиесіне, бақытты өміріне арналған ақ тілек-бата
Желбіреген тұлымың,
Тәтті сенің қылығың.
Ата-анаңды әрқашан
Қуантып жүр, құлыным!
Өмір деген - иірім,
Жеңе берші қиынын.
Бар тілегім - арманның
Бағындыршы биігін.
Білім - кәусар бұлағың,
Бірлік - қамал, тұрағың.
Жол ашатын бақытқа
Жана берсін шырағың!
Жүрегіңде - пәктігің,
Таусылмасын сәтті күн!
Аллаһ жар боп әрдайым,
Сарқылмасын шаттығың!
Көркем болсын өңірің,
Көлдей болсын көңілің!
Аман-есен жүр, қалқам,
Өркендесін өмірің!
Шамшырақтай жағылар,
Тұмардай ғып тағып ал!
Осы берген батамды
Шын жүректен қабыл ал!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇