Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.07.2025
204
ИМАНТАУ БАУЫРЫНДА
Төмендік жараспайды тау ұлына,
Қызыққан жеңіл дүние ауырыңа.
Қоғамнан оқшауланып кеттің бе деп,
Имантау басты мені бауырына.
Жырласам, адам құсап жөнге келіп,
Тұрғандай үсті-басым шөңгеленіп.
Жылжыған айлар сендей көрінеді,
Жылдарды көлдей қылған дөңгеленіп.
Қарағай, қайыңдармен көмкерілген,
Имантау, тарихсың сен төңкерілген.
Әр тасың дереккөздей сайрап жатыр,
Құжаттай салып қойсам, сөмкеме ілген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇