Өлеңдер ✍️

  17.07.2025
  326


Автор: Зейнолла Әкімжанов

《ЗАРПЛАТА》 ЖАЙЫНДА ЗАР

"Тие ме, деп, қолыма әне-міне?",
Тосып жүрмін әлі де зар еңіреп...
Менен гөрі шемішке сатып жүрген
Саудагердің тұрмысы әдемірек.



Жүдеу - рухым және де арық - тұлғам,
Мына заман пақырмын ғаріп қылған.
Табанақың қолыңа тимеген соң
Қиянаты осы екен барып тұрған.



Қажыған кез төзім де, шама да тым,
Маңдай терім едің ғой, табан ақым.
Өшкен жанып, өлгенім тірілердей
Сағығамын өзіңді, Қаламақым!



Үмітімді сонда да өлтірмеймін,
Болмаса да үзім нан жейтін кей күн.
Еңбек ақым, өзіңді сағынғанда
Тосып жүрген жалғызын кемпірдеймін.



ЗЕЙНОЛЛА ӘКІМЖАНОВ



"Солтүстік Қазақстан" газеті. 28 қазан 1998 жыл. 5 бет.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу