Өлеңдер ✍️
Асып барам
Мінез ауысты мезгілмен бірге,
Шамалы шақырым төрден көрге.
Ойым тағы ұшты аспанға күнде,
Тағы жабыстың кеттім төменге, түннің ішінде
Айнала түтін қараңғы бөлме,
Келіп тұрам тағы есігіңді ілме.
Қ/СЫ:
25 - тен асып барам,
Кейде күзде қурап қалам.
Кейде құлап қалам таусылады қадам
Аспаннан көмек сұрай беретін адам
25 - тен асып барам,
Алдымда жол тарам - тарам.
Жүректі демалтып алам,
Анамның көздеріне қарап.
Ананана...
Көңіл мың құбылды
Ойларым шимайланып өткенім ұмтылды
Басыма симай қалды өткені ойымда жоқ
Ойымда болашақ болашағыма жол ашам
Болсын бас аман жар болсын жасаған
Басқа нәрселердің бәрі өз қолымызбен жасалад
Кей-кейде кейбір нәрселерді күту керек
Бірақ уақыттан ұтылғым келмейді, ұту керек
Қ-сы:
25 - тен асып барам,
Кейде күзде қурап қалам.
Кейде құлап қалам таусылады қадам
Аспаннан көмек сұрай беретін адам
25 - тен асып барам,
Алдымда жол тарам - тарам.
Жүректі демалтып алам,
Анамның көздеріне қарап.
Ананана...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter