Өлеңдер ✍️

  15.07.2025
  58


Автор: QARAKESEK

Бөлексің

 



Саған қарай барам,
Кездесуге уақыттар санап
Сені көрсем тас жүрек балқиды
Болдың мен үшін адам дара



Өзгелерге ұқсамайды,тым әдемі
Әдемі әлемі,оның бейнесі
Жасағанның шеберлігінің дәлелі, дәлелі



Тым бөлек қарауың
Өзің болып қалдың калауым
Өшіріп алма, өтінем
Ыстық сезімнің алауын



Күлкің жүрекке жарық түсірді
Қалай жеткізейін, тартылыс күшіңді
Тартасың тарта бер сенікі боп қалайын,
Сен дегенде жүрек тәулік бойы онлайн
Сен маған қолыңды қолыма қой,
Кел маған жаурасаң жылына ғой
Жылытайын, менде жоқ басқа арам ой



Тым бөлек қарауың
Өзің болып қалдың калауым
Өшіріп алма, өтінем
Ыстық сезімнің алауын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу