08.07.2025
  89


ҰБТ қоғамға керек па?

Ұбт-көптеген жоғарғы сынып оқушыларының үрейі. Бұл сөзді естісе тіпті төбе шаштары тік тұрады. Ал енді ойлана келсек Ұбт біздің қоғамға керек нәрсе ме? Бізге оның қандай зияны немесе пайдасы бар? Бірге талқылайық.
Оқушылар тұрмақ, тіпті кейбір ата-аналар Ұбт-ға қарсы пікірлерін білдіреді. " Ұбт сұрақтары қиын, біздің мемлекетке мұндай нәрсе керек емес" деген пікірлерді де өмірде кездестірдім. Бірақ бұл бұрыс пікір дер едім. Себебі, Ұбт арқылы біз Қазақстандағы кез-келген жоғарғы оқу орындарына түсе аламыз, қалаған мамандығымызға оқып, болашақта сол саланың мықты маманы болып шыға аламыз. Ал Ұбт-ның сұрақтарына келетін болсақ, сұрақтарды аспаннан алып қойған жоқ. Бұл біздің мектепте өткен тақырыптарымыздан келетін базалық сұрақтар. Абай атамыз айтқандай "өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап" демекші, егер жақсылап еңбектеніп ізденсек, оқысақ, Ұбт біз үшін ешқандай қиындық тудырмайды. Ең бастысы қатты уайымға, стресске түспей, уақытымызды тиімді пайдаланып, жақсылап Ұбт-ға дайындалуымыз қажет. Тағы да айтарым, Ұбт өмірдің соңы емес екенін де ескерініздер. Ұбт сіздің өміріңіздегі орын алып жатқан шат-шытырман, оқиғаларыңыздың кішкентай ғана бір бөлшегі.
Егер Ұбт-дан аз бал алып, арманыңыздағы жоғарғы оқу орындарына түсе алмай қалсаңыз үрейге жол бермеңіз, уайымдамаңыз. Себебі сізге мүмкіндігіңіздің бір есігі жабылып қалса, басқа да есіктердің бар екенін ұмытпаңыз. Яғни, сіз Ұбт-сыз ақ бір бизнес бастап немесе шет тілін меңгеру арқылы шетелге білім алуға кетіп қаларсыз, бәлкім өзіңіздің жаңа қырларыңызды ашып, басқа да салалардың шебері болып кетерсіз.
Қорытындылай келе, жас түлек Ұбт өмірдің соңы емес екенін түсіндіңіз деген ойдамын. Ең бастысы өзіңізге сеніңіз




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу