10.06.2025
  134


Журналистика - жүрек қалауым.


Өмірге келген әр адамның өз бағыты, өз жолы, жүрек қалауы болады. Ол жүрек қалауын өсе келе ести аласың. Бірі “Менің жүрегім суретші болуды армандайды” десе, екіншісі “Менің қалауым әнші болу” дейді. Ал менің жүрегім “журналист” деп соғуда…


 


Бала кезінен теледидардан сөйлеу мәнері керемет журналистерді көріп өскен кішкентай қыз, болашақта өзін осы саламен байланыстыруды армандаған еді. Өсе келе бұл арман нақты мақсатқа жетеледі. Халқыма қызмет етіп, қоғамдық мәселелерді шешіп, еліміздің көркеюіне үлкен үлесімді қосам деген ой, мені болашақ өмірге дайындады. Ешкімнен қорықпай, өз ойын ашық жеткізе білетін, тек ащы шындықты қалайтын, адал журналист болу, мен үшін өмірімдегі үлкен жетістік болар еді.


Мені осы бағытқа шабыттандырған журналистер - нағыз үлгі бола алатын тұлғалар. Мен де болашақта сол тұлғалар секілді басқаларды шабыттандыратын, үлгі алатындай тұлға бола алатыныма сенемін.


 


Жүрек қалауы - сені дұрыс бағытқа бұратын,өміріңді барынша бақытты қылып өткізуіңе кепіл беретін сезім. Саған тек соны ести біліп, әрекет ету қажет.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу