Өлеңдер ✍️

  08.06.2025
  161


Автор: Самрат Құскенов

Дәрісі сенсің жүректің

 



Жазығым болса, сүйгенім,
Қолыңнан келсе, жазала.
Сені құт деп ой түйгенім,
Жанымды өзің мазала.



Шипаны тауып сөзіңнен,
Айығам ғашық болудан.
Мейірім көріп көзіңнен,
Аулақпын гүлдей солудан.



Тақылдап тұрып таңдайың,
Бағыма келіп гүл ектің.
Жарқырап тұрса маңдайың,
Дәрісі сенсің жүректің.



Өзіңсіз мәнсіз өмірім,
Газдалар елдің ауасы.
Ауған соң саған көңілім.
Ақ жүзің - тәннің дауасы.



"Жүректің бар ма дәрісі?"
Жауабын табар сауалың.
Назарда болып әр ісім.
Белгілі нұр боп жауарың.



Сезіммен сайрап әр ізі,
Ғашықтар, шіркін, қосылар.
Жүректің болмай дәрісі,
Өзіңсіз көңіл тосылар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу