Өлеңдер ✍️
Ширек ғасыр жасаппыз
(Әзіл)
Байқап тұрсақ,
Ширек ғасыр жасаппыз.
Өмірге де немқұрайлы қараппыз.
Отызға жас көрінсек те, сәбидей,
Он сегізге жүріп қалған мазақпыз.
Құрдастармыз,
Тек қызықтан нәр алған,
(Ісімізден сонда қандай мән қалған?)
Кәрі қыздар - тауықтар, біз - қоразбыз,
Қоразбаев салған ізбен ән салған.
Үйленуге жанталаспай бәріміз,
Сауық-кештер ғана біздің сәніміз.
Түні бойы тән рахатын тапсақ та,
Таң атқанда тірлікке жоқ әліміз.
"Үйлен!" дейді,
Күнде қақсап қартымыз,
Қалта - бүтін, ал, өзіміз - жартымыз.
Алдымызда не тұрғанын кім білсін?
Сұлулықтың ортасы ғой - артымыз.
Жиырма бестен асып кетсек,
Думан жоқ,
Арман-мақсат жыр сәулесін қуған жоқ.
Бірге жүрген қыздар ана атанса,
Біздің әлі ұрпағымыз туған жоқ.
Келешекте бізге де мін тағылар,
Көкек қыздың күйесі де жағылар.
Жылағанда бесіктегі баламыз,
Күлкі іздеген жан өткенін сағынар.
Сүр бойдақпыз!
Міне, нағыз - бағалар.
Мойындайық шындығын, біз - шалалар.
Үйленбесек, әдептен еш озбадық,
Кінәлісі, үйленбеген ағалар...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇