Өлеңдер ✍️

  29.05.2025
  202


Автор: Самрат Құскенов

Ақын жүрек

 



Наташа ма?!
Феруза ма?!
Айна ма?!
Маңымда жүр сұлу қыздар айнала.
Әрқайсысы жүрегімді жаулап жүр,
Жан мен тәні жараған соң пайдама.



Наташаға Есенин боп есірем,
Поэзияның жүйрігі боп сезінем.
"Махаббаттың тілі тілсіз тіл!" дедім,
"Любимая!" деп әйтеуір келісем.



Ферузаға Несин болсам жағамын,
Қыздырамын өлең-жырдың алаңын.
Ұқсас болып келгендіктен сөзіміз,
"Ашкым!" деп-ақ сұлуға жыр жазамын.



Самрат болып жүрмін осы Айнаға,
Сол қыз ғана жан сырымды жаймаған.
Қыз көргенде көкірегім сайраған,
Қыз дегенде менің жаным жайнаған.



Ақын жүрек көрінгенді сүймейді,
Көзі түскен жанын сынай сүйрейді.
Сындарынан өтпей қалған қыздарды,
Нәпсісінің қылышымен түйрейді.



Ақын жүрек талай мәрте қарайған,
Ақын жүрек талай толған арайға.
Өмірінен артық сүйген өлеңін,
Шабытына құрбан болма, абайла...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу