Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2025
2479
Республика күнінде
Еңбегім жоқ, сіңіп жатқан еліме,
Аққан терім төгілмеді жеріне.
Барлығын да өзім үшін жасаймын,
Маңдайымды тосып самал желіне.
Қаласам да, мемлекеттің дамуын,
Тәуелсіздік алауының жануын.
Әлеуметтік жағдайыммен ұят болды,
Қазақстанның келешегін тануым.
Не жасадым, нені бердім мен елге?
Бұл сауалдың мәні жатыр тереңде.
Пенделікпен есіремін кей кезде,
Парасатым жетпеген соң кемелге.
Бай емеспін қорлайтын құл, күңін де,
Ой тербеймін жаздың мақпал түнінде.
Қазақстанға адал қызмет еттім бе?
Деп отырмын Республика күнінде.
Көрсететін дүнием қане, бар болса,
Тер төгемін, Құдай өзі жар болса.
Көрер едім екі дүние бақытын,
Қазақтың әр азаматы нар болса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇