Өлеңдер ✍️
Менің елім - менің туым
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылының "Менің елім - менің туым" патриоттық челленджінде айтқан сөзім
1.Амангелді төрінде төрт құбылам,
Қантай, Көлбай, Мадияр, Аманбайым.
Төрт шалдың ұрпақтары қолдау берсе,
Жырымды қалай шыңға апармайын?!
Алла жар болып тұрса, қорған болып,
Бабамның дара жолын ағартайын.
Өткенді саралаған елім барда,
Тарихтың салған ізін жаңартайын.
Басыма бармақтай бақ қонбай тұрса,
Өзгенің бақытымен таласпайын.
Бірақ та талай жерге апарады,
Эталонавто құйған жанармайым.
2.Бұныменен таусылмас дастанымыз,
Ашық болып тұр ғой көк аспанымыз.
Жириновский, Никанов біліп алсын,
Біз - Мағжанның сенімді жастарымыз.
Сталинның кезінде түскен жоқ па
Иығымыздан домалап бастарымыз.
Үн қату азаматтық борышымыз.
Жөн болар қаһарлықты шашқанымыз.
Сафуанның арына дақ түсірер,
Отаным деп үндемей қалғанымыз.
Руы мен жүзін алға тартқанымен,
Оңайлықпен бұзылмас қаймағымыз.
Ресейдің шекарасы бола қоймас,
Солтүстік Қазақстандай аймағымыз.
Артымда елім деген ерлеріміз,
Сөзіме сай көрінсін айғағымыз.
Қазақстанның айналдық ажарына,
Астыққа толы болып аумағымыз.
Тәуелсіздік мәңгілік жасау үшін,
Тұғырынан түспесін байрағымыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇