Өлеңдер ✍️

  26.05.2025
  382


Автор: Самрат Құскенов

Аты-жөнің құпия

 



(ОКТАВА)



Тек сенсің, мәні болған өмірімнің,
Ізгілік орын алған сөздеріңде.
Лебізі жетер болса көңілімнің,
Ерекше сезім тұнған көздеріңде.
Келіні болсаң, құтты өңірімнің,
Отауды құрғызғаның өз елімде.



Ватсапта шынайылық дос болмайды,
Ал, сені көрмей көңіл хош болмайды.



Мендіксің, оны бәрі мойындасын,
Есімің жүректегі арман-әнім.
Рауаным, әрқашанда ойымдасың,
Уақыттың бәрін саған арнағаным.
Еркеле, ғұмыр бойы мойындасың,
Рахатым сені ойлап шаршағаным.



Тоғысып жатқандықтан тағдырымыз,
Еленсін сүйем деген ән-жырымыз.



Ризық қып Алла сені нәсіп еткен,
Көрсетіп қос жүректің табысқанын.
Ішкі жан дүниеме қауіп жеткен,
Нанбастан қысыр сөзбен қабысқаның.
Құрметің бір өзіңе асық еткен,
Ырыс боп мол сенімге жабысқаның.



Зор үміт артсаң, ертең ақталады,
Ырқыма көнсең, жаның бақ табады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу