Өлеңдер ✍️

  26.05.2025
  158


Автор: Самрат Құскенов

Қазақстанның жұлдызы Дәмеш Құрманкина

 



Өзі тума талант болып жаралған,
Әні жүрек нұрындай боп таралған.
Ұлт тұлғасы Мүсірепов Ғабит те
Әнші қыздың дауысынан нәр алған!



Сол қыз бүгін төл өнердің дарасы,
Өнеріне бас иетін Алашы.
Жан даусымен шырқалғанда "Қазағым!",
Тербеледі қаласы мен даласы.



Өмірінен табылатын мағына,
Көз жүгірте білсек, өткен шағына.
Қазақстанның жарқыраған жұлдызы,
Туған дарын өз халқының бағына.



Өнер жолын қасиет деп ұққанбыз,
Алдан келген сынның бәрін жыққанбыз.
Дара жолын мәңгілікке қалдырды,
Жаңажолдай ауылымнан шыққан қыз.



Өнер - бәйге, болмайтын еш мәресі,
Тек халыққа арналған бар кәдесі.
Бүкіл елді бірдей сүйген жүрегі,
Мәңгі жаса, қазағымның Дәмеші!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу