Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2025
190
Тағдырдың жазғанын көреміз
Күн мен күн, ай мен ай ауысып,
Дүниенің жақсысын тауысып.
Уақыт та зырылдап барады,
Таң қылар жайлармен қауышып.
Өлшеулі өмір ғой, өлеміз,
Құдайға құл, елге төреміз.
Аптығып қайтеміз, жоспарлап,
Тағдырдың жазғанын көреміз.
От болып жанбасақ, сөнеміз,
Жаңарып жетсе де көнеміз.
Арманға қолымыз жетпесе,
Жазылған тағдырға көнеміз.
Айлық деп жұмысқа жалданып,
Болмашы нәрсеге малданып.
Бір сәуле жылт етсе көзіңе,
Қаламыз үмітке алданып.
Басылған әр қадам - жаңалық,
Қаныңа сіңсе де далалық.
"Сұмырай келсе, су құриды!"
Не деген таптырмас даналық.
Шыншылға берілмей уымыз,
Балдан да тәтті боп суымыз
Ешкім де сұмырай болмасын,
Аспанда желбіреп туымыз...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇