Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2025
208
Меруерт ару
Жырдан сыйлық жасап туған күніңе,
Жүгінейін ойдың мақпал түніне.
Өзіңе тең келер кім бар өмірде,
Құлақ түрсең, достың жүрек үніне.
Боқ дүниенің тере көрме арзанын,
Адалдықпен қатаң ұста ар заңын.
Денсаулығың мықты болып қашанда,
Дерттің барын түсінбей өт, жар-жаным.
Талпына бер, Алла берсін санаңа,
Тура жолдан тайдырмасын замана.
Биігінен түспей тәлім-тәрбиең,
Әр қадамың бедел болсын анаңа.
Ізденісің айналып құт-бағыңа,
Іздеріңнен табылсын мән-мағына.
Меруерт тастай аппақ қызға нұр шашып,
Бақыт құшақ жайсын келер шағыңа.
Меруерт ару, кірлетпе ақ жағаңды,
Жоғарыдан түсірме өз бағаңды.
Жақсылыққа толы сәттер көбейіп,
Тәтті күндер жағаласын сағаңды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇