Өлеңдер ✍️

  26.05.2025
  275


Автор: Самрат Құскенов

Туған күнді жек көремін

Туған күн – есеп беру өміріңе,
Тиетін кейбір сәттер көңіліңе.
Санасы жоқтың бірақ, мерекесі,
Тойлаумен кеңейетін керегесі.



Айналам ұқпағанмен қадірімді,
Түбінде жылап қазар қабірімді.
Жөн болмас жүрек сырын жасырғаным,
Сондықтан айтып келем ғасырға мұң



Өз басым туған күнді жақтырмаймын,
Аузымды ешкімге де бақтырмаймын.
Еңбегім елге сіңсе Азаматпын,
Арқалай алған жүгін аманаттың.



Негізі, жек көремін туған күнді,
Болмашы дүниені жуған күнді.
Ғұмырға лайықпын деп ойламаймын,
Содан төл мейрамымды тойламаймын.



Мен үшін Тәуелсіз­ді­к күні – мейрам,
Бес күнге бір Құдайдың құлы мейман.
Ұлтымның ардақ тұтқан қасиетін
Жұртымның дәстүрі бар бас иетін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу