Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2025
695
БАУЫРЫҢНАН ТІРІДЕЙ АЙЫРЫЛҒАН НЕТКЕН ЖАМАН
Мына нарық заманын жақтырмадым,
Өз мақсатым бар деп бет бақтырмадым.
Бауырларды жаныма жақын тартып,
Қанаттыға ешбірін қақтырмадым.
Әттең, артқан сенімім ақталмады,
Ақиқатын айтудан жақ талмады.
Көңіл қалып бір атым насыбайдан,
Бауыр деген дәрежем сақталмады.
Амал бар ма бұл күннің ауырына?
Тұншықтырған тамұқтың қауырына.
Туғаның жат көрінсе, пышаққа түсіп,
Ота жасап кеткендей бауырыңа.
Салқындылық денемде сезілгендей,
Бүкіл қоғам өзімнен безінгендей.
Таудан құлап, сындырып қабырғамды,
Халге түстім бауырым езілгендей...
Қыран болдым қанаты қайырылған,
Қылыш болдым жалғаннан майырылған.
Баяны жоқ өмірде неткен жаман,
Бауырыңнан тірідей айырылған...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇