Өлеңдер ✍️
СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ НҮКТЕСІН ҚОЙҒАН БАТЫР
(ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВҚА)
Ерлігі елдің жадында мәңгі сақталған,
Әр ізі тарих беттерін тың боп ақтарған.
Рақымжан атам – қазақтың асыл перзенті,
Есімін айтсаң, «Ерім» деп халқы мақтанған.
Бізден де мүмкін қалатын шығар батыл үн,
Тектілік ұғым қастерлеп ана жатырын.
Бейбіт күн естен шығармай, өтер ұлықтап,
Соғыстың соңғы нүктесін қойған батырын.
Сыр ұққан ата-бабадан, текті даладан,
Жылылық тапқан тасжүрек деген қаладан.
Жеңістің туын тігер деп ешкім күтпеген,
Қорғансыз қалған, панасыз жетім баладан.
Өмірден өтті, Отанын ұлы ән қылып,
Азаттық десең, елдікті, рухты мән қылып.
Рақымжан десең, Рейхстаг ойға оралар,
Қызыл ту десең, Рақымжан тұрар жаңғырып.
Қазағым менің ежелден мықты, байыпты,
Талай рет байғұс ұлтымның бағы тайыпты.
Өткенге тағзым, бүгінге шүкір қылған ел,
Төбеңе көтер РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВТЫ!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇