Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2025
179
АҚЫНМЫН
Ақынмын, өзі өлсе де, көзі қалар,
Тарихқа мәңгі өшпес ізін салар.
Басына келмесе де қабірімнің,
Ақтарған мұрағаттан сөзімді алар.
Су қаным сүймейді бос күлгендерді,
Жек көрем мәнсіз өмір сүргендерді.
Зекеңнің жолын қуып тәрбиелеймін,
Әкеңнің аузын ұрып жүргендерді.
Жаңғырып жатса дәстүр-салтым бүгін,
Шуағын шашып тұрар Алтын күнім.
Сыйламай жүрген қоғам өкінеді,
Жеткенде болашаққа жарқын үнім.
Ақынның туары бар, өлері жоқ,
Қиялмен келешектен көрері көп.
Саралап жырларымның әрбір жолын,
Ел сүйер «Бұл – таланттың өнері», – деп.
Ойсыздар ойдың түбін қаза бермес,
Кез бар ма ойланғанға жаза бермес?
Томпайтып жатсам-дағы қара жерді,
Жырларым жерлестерге маза бермес.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇