Өлеңдер ✍️

  21.04.2025
  570


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

              Отан ана

 


 


Отан ана-сен жердегі жұмағым,


Тағдырыма теліп берген тұрағым.   


Шалқар көлің,жасыл желек құрағың,


Жазық далаң,ну орманың-құнарым.


Алыс жүрсем өзегімде құса-мұң,


Сағынып кеп топырағыңды құшамын.


 


Отан ана-оттан ыстық  құшағың,


Қымбат маған өзен, тауың, бұлағың,


Жаным барда қорғаның боп тұрамын.


Сен дегенде бойда тулап күш-ағын,


Жау аяғы баспасын де  бір адым,


Жұдырықты жұмып қатты қысамын.


 


 


Отан ана-мойнымдағы тұмарым,


Бақытымды тек өзіңнен құрадым.


Таусылмасын нұрың менен шуағың,


Осы менің Тәңірден бір сұрарым.


Өркендей бер, саған құрбан қу жаным,


Қазағымның мекені-Қазақстаным!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу