Өлеңдер ✍️

  21.04.2025
  86


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

Шақырады

 


 


Шақырады ұзақ-ұзақ жол түзік.


Қиялымды кең далама өргізіп,


Күйлі әуен қосып алып көлікте,


Кетсем ба екен бар тірліктен қол үзіп?


 


Шақырады белгісіздеу бір мекен,


Мына өмір күйбеңінен ық екен.


Көлігімнің жанармайын толтырып,


Шықсам ба екен қамданып ап күн ертең?


 


Шақырады мен баспаған қадамдар,


Не бар дейсің енді маған алаңдар.


Көлігімнің желге төсеп маңдайын,


Кеткім келеді шаршатқанда адамдар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу