Өлеңдер ✍️

  21.04.2025
  60


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

Қызғанасың

 


 


Ұнайды маған осы бір көзқарасың,


Білемін мені өзгеден қызғанасың.


Үйімнің көркі-жарымсың қалап алған,


Күдіктен гөрі үмітке жүз барасың.


 


Жүрегімдесің біле жүр, жанымдасың,


Көктемімнің гүл жарар таңымдасың.


Жанымды ұғар жан-жарым,тағы айтсам:


Анамдай қамқор,  аяулы қарындасым.


 


Жайқалсаң гүлдей әрқашан бағыңдамын,


Күзетемін болмасын деп  жаныңда мұң.


Қызғана қараған түпсіз жанарыңның,


Ішінде менің келеді дамылдағым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу