Баталар ✍️
Беташар
—Әуелі жалғыз Алла Сұбыханым,
Болғанда ғарипларға мехрибаным.
Бір елдің алшаңдаған қыз баласы,
Бұл елге келін болып келдің, жаным.
Кеуліңді әр тарапқа алыстырма,
Жарқыным, жақсы болар тыңдағаның.
Қош десең, құлақ қойып ерік өзіңде,
Етерсің көңіліңе ұнағанын.
Әуелі Құдай ақына,
Екінші, әруақ ақына,
Үшінші, атаң ақына
Иіліп, жаным, сәлем ет!
Сәлеміңе риза бола ма
Анау отырған қайны енең?
Енеңізге бір сәлем! Иіліп жерге жетпесең,
Сары азамат, сабыр ет,
Етелік аз-маз қызмет.
Жерде қалмас деуші еді,
Жақсыға қылған қызмет.
Анау отырған қайнағаң,
Қайнағаңа бір сәлем!
Түйе мінсең, басқа ұрма,
Жылқы мінсең састырма.
Қайның бір сөз айтқанда,
Қатты сөйлеп осқырма.
Қайныңның атын сұрасаң,
Шырақ пенен Мырзаға,
Қайындарыңа бір сәлем!
Анау отырған абысын,
Абысын табар қабысын.
Әсілі әйел демесең,
Еркекке бермес намысын
Абысынға бір сәлем!
Анау отырған бикешің
Жібектен ескен шүйкесін.
«Қашан сендей болам» деп,
Құрып отыр жүйкесі,
Бикешіңе бір сәлем!
Арқаңды жүкке таяма,
Асыңды жұрттан аяма.
Үйден үйге жүгірме,
Бара қойсаң жұмысқа,
Көп кешігіп отырма.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇