15.03.2025
  207


Автор: Шаңырақ күні

Шаңырақ – әр отбасының жүрегі

Әрбір отбасының өз шаңырағы бар. Ол тек баспана ғана емес, ол – ата-ана мейірімі мен бала күлкісіне толы құтты мекен. Қазақ халқы шаңырақты жоғары бағалаған, өйткені ол – өмірдің, сабақтастықтың, ұлттық рухтың көрінісі.


Мен өз отбасымды ерекше жақсы көремін. Біздің үйде әрдайым мейірімділік пен жылулық бар. Әкем – тірегіміз, анам – жүрегіміз. Біз бірге күліп, бірге ойнап, бір-бірімізге қолдау көрсетеміз. Міне, осының бәрі – шаңырақтың беріктігін білдіреді.


Шаңырақ күні – ең маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн бізге отбасының, ата-ана мен баланың, бауыр мен қарындастың бір-біріне деген сүйіспеншілігін еске салады. Әр үйде тек қуаныш, ынтымақ пен молшылық болсын! Шаңырақтарымыз биік, керегеміз кең, босағамыз берік болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу