Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.03.2025
181
Есейіппін...
Есейіппін...
Күндер жоқ бұрынғыша алаңсыз,
Уланған ми, түрлі уайым жарамсыз.
Әкемнің сөзін естідім...
Сүремін менде баламсыз.
Есейіппін...
Күндер жоқ бұрынғыша асыр салған,
Өзінікін алад(ы) екен мына жалған
Мендегі мейіріммен, еркелігім
Есейгенше балалықпен өліп қалған
Есейіппін...
Өз бетімше анықтап ақ қараны,
Фәниде орын табу хақ талабы,
Сынбау керек өмірден түсінгенім
Еңбекпенен түбінде бақ жанады
Есейіппін...
Өткенімнен болыппын тым салмақты
Бағалап өмірлегі жанды ардақты
Ақыл толып, ойым өсіп есейгенмен,
Баяғы боз баладан дым қалмапты
І. Рахманберді
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇