Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  149


Автор: Еркін Оралбайұлы

КЕШІРЕ БІЛУ-ТӘТТІ КЕК

 


 


Қиналтып жанды өтті жеп,


Өшімді алдым сəтті деп.


Мақтаныш етпе ешқашан,


Көзінің жасын төкті деп.


Ерегес, өштен пайда жоқ,


Түсіне алсаң гəпті көп.


 


Көңілге алма сөкті деп,


Төндірсе басқа көкті кеп.


Адамзат ғана түсінер,


Ақылмен айтқан тəкті тек.


Қолыңнан келсе кеш бәрін,


Кешіре білу - тəтті кек.


 


Кешіре білу - тəтті кек,


Түсірме көңіл күпті деп.


Бірінші болып татулас,


Ерегес бəрі бітті деп.


Тырнақ асты кір қазсаң,


Бықсыған өсек тіпті көп.


 


Айтарың болса сан тілек,


Қуаныш сыйла, əн тілеп.


Қиянат қылмай өмір сүр,


Мұсылман жанға тəн сүнет.


Жамандық істен аулақ боп,


Ісіңмен жақсы тəнті ет.


 


Еркін Оралбайұлы  11/02/2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу