Өлеңдер ✍️
ҰЛЫ ДАЛА
Қазағым əлімсақтан мекен еткен,
Бұл дала мұра болған ертеректен.
Сан ғасыр батырларым қорғау үшін,
Белдеуде тұлпарларын ерттеп өткен.
Көнерген балбалалар тастан кескен,
Сыр шертіп өткен күнді бастан кешкен.
Сіңірген бойларына дала заңын,
Ұрпағы батыр болып жастан өскен.
Кең байтақ құтты мекен Ұлы дала,
Қорғайтын Қазақ деген ұлың ғана.
Сан ғасыр куə болған кəрі таудан,
Тарихын қазағыңның ұғын бала.
Бабадан мирас болған дала заңы,
Жазылған жетім-жесір, бала қамы.
Кең байтақ Ұлы дала маған қымбат,
Ататын арайланып ала таңы.
Даламның ыстық маған жел- құйыны,
Өзіңді қиып кету ең қиыны.
Қазағым мекен еткен Ұлы дала,
Өзіңсің Қазақия жерұйығы.
Осы жер Қазақ ұрпақ таратқаны,
Ұядағы түлеп ұшқан балапаны.
Құрметтеп қастерлейік туған жерді,
Барарың осы жердің алақаны.
Еркін Оралбайұлы 11/01/2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇