Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2025
289
ҚАРЫНДАСЫМА
Қарындасым кешегі бантик таққан,
Өмір-ай мына жылдам өтіп жатқан.
Бүгін міне бой жетіп, келін болдың,
Бақытты бол алдыңнан атып ақ таң.
Алла қолдап алдыңнан жарылқасын,
Мәңгі бірге жаныңда жарың қалсын.
Өмір заңы қимаймыз амал қанша,
Болса дағы жат жұрттық қарындасын.
Бақытты бол серігің, қосағыңмен,
Сен туралы жақсы сөз тосамын мен.
Туған үйден кету де оңай емес,
Бақыттысың көңілің босағанмен.
Осы тойдай өмірің мəнді болсын,
Түсініп жүр жарыңның жан дүниесін.
Үлкен-кіші барлығын сыйлап жүргін,
Ата-анаңның көрсетіп тəрбиесін.
Еркін Оралбайұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇