Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  87


Автор: Еркін Оралбайұлы

АРТЫҚ КЕТЕМ

 


 


Адам жоқ түзу жүріп, қателеспес,


Түзу сөзден жаңылып келте кеспес.


Артық сөйлеп көңілге кір түсірсең,


Кешірімін алғанша естен кетпес.


 


Мен де солай кей кезде бұрыс кетем,


Қате болып шығады дұрыс десем.


Дауласып та қалармын сенімен де,


Болып тұр ма шикілеу бұл іс десең.


 


Кейбір кезде қоямын артық сөйлеп,


Тырыссамда тілімді тартып сөйлеп.


Тілім тисе біреуге жанталасам,


Өкініштен қайғыға батып күйреп.


 


Артық кетем біреуге ренжігенде,


Ашулансам бұзылып рең жүзімде.


Кінə артып біреуге қырсықпаймын,


Кінəлармын тек қана мен өзімді.


 


Артық кетем іш күйіп қызғаныштан,


Көз қанталап бүркіттей құздан ұшқан.


Асау аттай бас бермей неге кетем?


Артық сөйлеу мүмкін бе, қызға құшқан.


 


Артық кетпе біреуге ақылды айтсаң,


Бар сөзімді демегін мақұлдайсың.


Ашулансаң сезімге ие болып,


Өзіңді-өзің сабырға шақырғайсың.


 


Еркін Оралбайұлы,


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу