Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  222


Автор: Еркін Оралбайұлы

КІТАП ОҚЫ

 


 


Кітап оқу жасымнан болған əдет,


Əкем əкеп беретін оқы мə деп.


Жақсы кітап ол кезде табу қиын,


Кітап оқыр себебі оқырман көп.


 


Кітап оқып білімге қанып жүрдім,


Оқыған соң ой өсіп, алып білім.


Ілиястың "көшпенді"," қаһарынан",


Ата-баба тарихын танып білдім.


 


Кітап оқы, деген соң өрең өссін,


Ана тілі байлығын терең сездім.


Абай жолы, танысып қара сөзбен,


Мағынасын түсіндім өлең сөздің.


 


Өлең жолын өзім де құрап көрдім,


Самалынан нәр алып құба белдің.


Өнеріне Ақанның тəнті болдым,


Оқып шығып Ілияс "Құлагерін".


 


Ертегі оқып, жасымнан жыр тыңдадым,


Біржан салдай әр ана тусын дарын.


Өлеңінен Мұқаңның мұңды ұғып,


Жырларынан Фариза сусындадым.


 


Көп оқысаң кеңейер ой өрісің,


Талқыласаң өлеңді ой бөлісіп.


Көтеріңкі көңілің болып тұрса,


Жырлар туар әдемі ойда пісіп.


 


Еркін Оралбайұлы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу