Өлеңдер ✍️
ОҚЫСАҢЫЗ
Жүрегім намаз оқып тазарғандай,
Жүргенді бұрын менде маза болмай.
Парызы мұсылманның намаз екен,
Оқиық бұл намазды қаза қылмай.
Намаз оқып Аллаға құлшылық ет,
Жол ашылмас жүрегің таза болмай.
Ниетпен жайнамазда дұға тілеп,
Отырып таң атқанша құлан иек.
Тыйылып күнəлардан сауап істеп,
Алладан иман сіңген сұрап жүрек.
Ақ жолын пайғамбардың адал ұстап,
Тек қана қияметте жұмақ тілеп.
Аллаға жақындайсың намаз оқып,
Осылай алыстатып тозақ отын.
Жүргендер күнə істеп біле ме екен?
Тұрғанын о, дүниеде азап тосып.
Шайтан түртіп дінге тіл тигізем деп,
Алмағын күнə үстіне жаза қосып.
Тыңдағын азан даусын тоқтап тұрып,
Жұмада жамағатпен сапқа тұрып.
Ешқашан ата-анаңа қарсы келме,
Жарасар мұсылманға жақсы қылық.
Алла біреу, Мұхамбет үмбеті деп,
Жүрейік ағайындар хақты ұғып.
Еркін Оралбайұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇