Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2025
103
ӨМІРІМЕ ӨЛЕҢ КІРІП
Орын тиіп поэзия кемесінен,
Жырлар туған көңілдің елесінен.
Серік етіп өлеңді асқандаймын,
Бұл өмірдің тағы бір белесінен.
Шабыт келіп, көңілге жел есіп ең,
Өлең-жырдың дегендей егесі мен.
Жүректегі бар сырды ақтарғанды,
Түйреп өтіп шабытым жебесімен.
Ақын жолы, жол екен келесі кең,
Өлең туып, жүрек-жыр кеңесімен.
Жаза бергем қолымнан ойым озып,
Құралайдай оза шапқан енесінен.
Көгінде поэзия кең көсілгем,
Суда ескегі қайықтай тең есілген.
Көтеріліп көңілмен қайран көңіл,
Ұлытаудың шыңымен теңесіп ең.
Өлең-сөздің қаққандай шегесімен,
Қарсыласып тағдырмен егесіп ем.
Жеткізуге өлеңмен тырысқанмын,
Көрсетпейді дегенге неге ісімен.
Еркін Оралбайұлы 20.12.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇