Өлеңдер ✍️
МАХАББАТТЫ ТҮСІНДІК БЕ?
Осы біз махаббатты тісіндік пе?
Қадірін түсіне алмай түсірдік пе?
Жүрекке ұялаған бұл сезімнің,
Салыстыра алмассың күшін түкке.
Махаббат бұл жүректе дамылдаған,
Əрқалай әркім оны қабылдаған.
Біреуі ғашық болса өліп-өшіп,
Басқаның жүрегінде жағылмаған.
Жауабы болмаса да, күт күлімде,
Қайғысы білінбесін түк түріңде.
Ренжімей сүйгеніңе сырттан сүйіп,
Сақтап өт жүрегіңнің түкпірінде.
Махаббат нəзік сезім, түнде елес,
Тəнің сау, жан ауырса індет емес.
Адамға ғашық болған сеніменен,
Бір болу сүймесе де, міндет емес.
Ғашық болсаң сүйкімді, есті аруға,
Мүмкіндік көп үлгермей кеш қалуға.
Сезіміңе жауабын алмадым деп,
Базбіреудей тырыспа өш алуға.
Таң қалмағын жүрегің жиі қағып,
"Сүйгеніме басқа жан ие нағып".
Өш алам деп, кінəлап сүйгеніңді,
Гүл сезімді бүлдірме күйе жағып.
Еркін Оралбайұлы 28.02.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter