Өлеңдер ✍️
КІНӘЛАЙСЫҢ
Дегенің бе сеніміме кіре алмайсың,
Ой келді ме дегендей бір сірə, алдайсың.
Еркелік пе, әлде басқа сырың бар ма?
Кейде мені тектен текке кінəлайсың.
Сүйсіндірер қылықтарға жүдə байсың,
Сені көріп сөз айтпай жүре алмайсың.
Кінəлайсың кейде бір ренжігендей,
Менде басқа сүйгенімен кінəм қайсы.
Ұнатқаным бір өзіңді кінəм болсын,
Өкпе орнына жүрегіңе кіл əн толсын.
Сүйген жүрек кемшілікті көре бермес,
Қалай ғана ол жүрекке күмəн қонсын.
Шалыс басқан, қатем болса кінəлама,
Жақсы көрсе, ол жүректі кір алама.
Қателіксіз еш адамда өмір сүрмес,
Қателесу парыздай бір тірі адамға.
Айтылар- ау жалған сөздер кінə барда,
Қайта сосын сенімге ол кіре алар ма?
Ерік беріп өкпе атты қара күшке,
Сүйгенінен бөлек кетіп жүре ала ма?
Жоғалтпайық шын сезімді ренішпен,
Сөнген шоқтай ошақтағы күл аларда.
Еркін Оралбайұлы 17.12.2017
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇