Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  110


Автор: Еркін Оралбайұлы

МАХАББАТ ДЕГЕН

 


 


Шайқаған сезім тұнығын,


Махаббат екен шын ұғым.


Болса да нәзік бұл сезім,


Жүректе тұнар сыры мұң.


Суырып тастай алмассың,


Қадалса сезім сынағын.


 


Жиырма жастай қырығың,


Махаббат салса құрығын.


Өзгеріп кетер бар өмір,


Еш затқа соқпай құлығың.


Сүйгенді ғана ойларсың,


Еске алып тәтті қылығын.


 


Сездірсе сезім құзырын,


Құлатар терең құзы мың.


Әкелсе бірде қайғы-мұң,


Көрсетер кейде қызығын.


Сағыныштан сарғайтып, 


Қайнатар жүрек қыжылын.


 


Жүрекпен жанды сүйдірген,


Отына сезім күйдірген.


Сүйгенің айтқан әр сөзін,


Жаныңа жұмсақ тидірген.


Махаббат деген шын сезім,


Патшаның басын идірген.


 


Еркін Оралбайұлы 1.12.2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу