Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.02.2025
298
БАҚЫТ ДОСЫМА
Бір досым бар Алматыда Бақыт атты,
Өзгертіпті сол досымды уақыт қатты.
Үйден шықпай жүрсе дағы, Алла беріп,
Әйгерімдей баға жетпес жақұт тапты.
Тілі өткір, мұз балақтай қиядағы,
Кейде момын, балапандай ұядағы.
Түсініксіз мінезі бар, өзіне тән,
Қысылып, қыздай кейде ұялады.
Хабарлассаң ұялыға түспей "зоны",
Сыбап кейде аласың іштей оны.
Аяқ асты бір күні пайда болар,
Сияқты, тап бір шетел шпионы.
Өлең жазса, досына тілін безеп,
Мақтап, даттап жеткізер тіліп кезек.
Құрдастарға қосылса, жаны кіріп,
Отырады әрбір сөзден ілік іздеп.
Шабыт келсін, көңілді жыр қысып-ай,
Енді досым жоғалма жыл құсындай.
Етегін жел көтермес, қыз емессің,
Аралас достарыңмен жүр қысылмай.
Еркін Оралбайұлы 4.02.2019
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter