Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  119


Автор: Еркін Оралбайұлы

ӨТКЕН КҮНДІ ЕСКЕ АЛЫП

 


 


Ойға алсам, өткен күнді еске алып,


Жан күйзелген өткендей бір пеш қарып.


Жүргендеймін бағаламай бақытты,


Бұл заманның ағымынан кеш қалып.


 


Отырмын ба текке қолды қусырып,


Тұрған мынау жан жарасы ушығып.


Ойлаймын деп өзгелердің бақытын,


Алғандаймын өз бағымды ұшырып.


 


Кінә тағар ешкімге ой жоқ, қаралап,


Кетсе-дағы жан дүниемді жаралап.


Әрбір күнім ғасырға тең өзіңмен,


Бірге өткізген сезім бағын аралап.


 


Өмір ауыр алғандай бір тас артып,


Сезімге қойса ет жүректі басқартып.


Шыдамақ боп, бір сен үшін келістім,


Жүрегімнің қалауынан бас тартып.


 


Сүрінбегем өмір салған сында мың,


Тағдыр өзің тезге салып шыңдадың.


Тырыссам да жүрек отын лаулаған,


Жетер емес, жетер емес шыдамым.


 


Жан ауруын ет жүрегім сезбес пе еді?


Алаулаған нәзік сезім лезде өспесе.


Мұңға батып осылай отырмас па ем?


Жанды қинар осы сезім кездеспесе.


 


Еркін Оралбайұлы 12.02.2018.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу